Жарияланды: 510

100 сұраққа - 100 жауап басылып шықты

100 сұраққа - 100 жауап басылып шықты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолайлы қойын кітапшасын шығарды. Жан азығы - шағын кітапшада қарапайым мұсылманды мазалайтын сұрақтар жауабымен қоса берілген.

«Құнды дүниенің ерекшелігі - имандылыққа бет бұрып, адамға ұл, Құдайға құл болуды өмірдің өзегі деп білетін әр адамның Ислам құндылықтарына қатысты білуі тиіс сұрақтар мен жауаптар түсінікті тілмен жазылған. Сондай-ақ дастархан батасын білсем екен деген ниетпен жүргендер де іздегенін осы кітапшадан табады. Тағы бір тілге тиек етерлігі, құнды дүниені рухани кештерде, арақсыз адал тойларда, ғибратты кездесулерде жиынның көркін қыздыру мақсатымен викториналық сұрақтар ойыны ретінде пайдалануға болады»,-делінген ҚМДБ мәліметінде. Ол - ойнау һәм ойлану құралы. Жарыққа шыққан кітапшаның жамағатқа жол тартуына мұрындық болған - ҚМДБ-ның діни уағыз-насихат бөлімі. Жауапты редакторы - осы бөлімнің бас маманы Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін