"100 жауынгер": Еліміздегі ең алғашқы әскери-патриоттық реалити жоба пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"100 жауынгер": Еліміздегі ең алғашқы әскери-патриоттық реалити жоба пайда болды

"100 жауынгер": Еліміздегі ең алғашқы әскери-патриоттық реалити жоба пайда болды

100 жауынгер. 100 мінез.

  • 5 Желтоқсан 2024
  • 8
Фото: jibek joly

Бұл жоба шын мықтылардың төзімі мен ерік-жігерін сынға салатын ерекше дода, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«100 Sarbaz» ерлік пен қайсарлықтың нағыз көрінісі. Сондай-ақ еліміздегі ең алғашқы әскери-патриоттық реалити жобасы. Аталмыш дода «Jibek Joly» арнасында көрсетілетін болады.

Бағдарламаның жүргізушісі-танымал кино және театр актері Берік Айтжанов.

«100 Sarbaz» әскери-патриоттық реалити-жобасының атқарушы продюсері және қоюшы режиссері Айгүл Ақсамбиеваның айтуынша, түсірілім қазан айының соңында басталған. Бірінші шығарылымы 1 желтоқсан күні көрермен назарына ұсынылды.

«Жобаның мақсаты-сарбаздардың портретін көрсету және әскери қызметшілердің ең жақсы қасиеттерін — батылдық, қайсарлық пен шешім қабылдай алу мінездерін көрсету. «100 сарбаз» — құрмет жобасы. Оған әуе қорғанысы күштері, Құрлық әскерлері, Ұлттық гвардия сияқты он команда қатысады. Бұл медиа нарық үшін ерекше жоба. Ауқымды реалити-жобаларға көп телеарналар бармайды, — деді ол.

Жобада қатысушылар өздерінің күші мен батылдығын ғана емес, сонымен қатар ең қиын сынақтарға төтеп бере алатын ойлау қабілеттерін де көрсетуі керек.

Толық нұсқасын мынау сілтеме бойынша көре аласыздар.