100-ден астам қалалардың басшылары Қазанда Еуразиялық аймақтың дамуын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
100-ден астам қалалардың басшылары Қазанда Еуразиялық аймақтың дамуын талқылайды

100-ден астам қалалардың басшылары Қазанда Еуразиялық аймақтың дамуын талқылайды

Қазан қаласында бүгін ашылатын Еуразия жергілікті өкімет конгресі Татарстан астанасына

  • 31 Шiлде 2015
  • 799
Фото - Caravan.kz

Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстанның, Моңғолияның, Украинаның және басқа да елдердің 100-ден астам мэрлерінің басын қосып, еуразиялық ықпалдастық мәселелерін талқылайды, деп хабарлады РИА Новости Қазан мэриясына сілтеме жасап.

«31 шілдеден 1 тамызға дейін Қазанда Еуразия жерлікті өкімет конгресі өтеді, онда Еуразиялық аймақтың жергілікті және өңірлік көшбасшылары бас қосады. Қазанға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Моңғолия, Тәжікстан, Украина сияқты және басқа да елдердің 100-ден астам қалаларының өкілдері жиналады. Конгрестің негізгі тақырыбы — «Жаһандық дамуға жергілікті шешімдер: Еуразиялық ынтымақтастыққа қарай», — делінген хабарламада.  

Шараны «Біріккен қалалар және жергілікті өкіметтер» бүкіләлемдік ұйымының Еуразиялық өңірлік бөлімшесі Қазан мэриясымен бірлесіп  ұйымдастырып отыр.  Еуразиялық бөлімше аумағы жағынан ұйымның ірі құрылымы, оған 12 ел кіреді, өңірде 300 миллионнан астам қалалар мен елді мекендер тұрғындары өмір сүруде. Еуразиялық жергілікті өкімет конгресі үш жылда бір рет өтеді. Конгресс аясында «Біріккен қалалар және жергілікті өкіметтер» бүкіләлемдік ұйымының Еуразиялық бөлімшесінің бас ассамблеясы өтпек, онда жаңа мерзімге  Еуразия бөлімшесінің  президенті, вице-президенттері және Кеңесі сайланады.

«Біріккен қалалар және жергілікті өкіметтер» бүкіләлемдік ұйымы — 2004 жылы құрылған қауымдастықтар, одақтар және бөлек муниципальдық құрылымдардың ерікті халықаралық бірлестігі. Бүгінде ұйым ғаламшар халқының жартысынан астамын қамтыған 10 мыңнан астам қалалар мен әлем қауымдастықтарын біріктіреді. 


Соңғы жаңалықтар