"100-ден астам ұсақ тастар": Алматыда зейнеткерге сәтті ота жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"100-ден астам ұсақ тастар": Алматыда зейнеткерге сәтті ота жасалды

"100-ден астам ұсақ тастар": Алматыда зейнеткерге сәтті ота жасалды

Алматыдағы №1 қалалық клиникалық ауруханада өт қабына көп мөлшерде тастар жиналған науқасқа жасалған операция сәтті өтті.
Дәрігрлердің тәжірибесінде мұндай шамадағы тастарды алу бірінші рет болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Zakon.kz” порталына сілтеме жасап.

  • 20 Мамыр 2022
  • 60
Фото - Caravan.kz

72 жастағы зейнеткерді бұған дейін жиі ұстама мен бауыр аймағындағы ауырсыну мазалаған. хирургтары арнайы лапароскопиялық стеллаж арқылы операция, лапароскопиялық холецистэктомия жасады. Науқастың өт қабынан сыртқы түрі кесіндідегі анарға ұқсайтын 100-ден астам ұсақ тастар табылған. Дәрігерлердің тәжірибесінде бұндай ота бірінші рет кездесіп, сәтті аяқталған”,-деді №1 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.

Ота сәтті өтіп, науқасты алты күннен соң ауруханадан шығарған. Дәрігерлердің айтуынша егер бұған дейін өт қабын алу дәстүрлі, ашық әдіспен жасалса, қазір аз инвазивті әдіс лапароскопиялық хирургияда артықшылық танытады. Бұл науқастың тезірек қалпына келуіне мүмкіндік беретінін және операциядан кейінгі кезең әлдеқайда қысқаратынын, адгезиялық аурудың қаупі барынша азайтылатынын түсіндіреді.

Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасының көпсалалы хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Менаяков атап өткендей, науқастарды көбінесе өт қабын сақтап қалу мәселесі қызықтырады.

“Өкінішке орай өт қабын қалдырып, тастарды алып тастау мүмкін емес. Қабынған өт қабы болашақта жаңа тастардың пайда болуына ықпал етеді. Және бұл сіздің ішіңізде бомбаны алып жүргендей сезім туғызады. Кез келген уақытта бұл тастар өт жолдарына ауысып, оның бітелуі мен обструктивті сарғаю түріндегі асқынулар тудыруы мүмкін”,- деді Марат Менаяков.


Маман сол себептен де тас жиналған болса, өт қабын түгелдей алып тастау шешімінің дұрыс екенін айтады. Бұл келешекте аурудың асқыну қаупін жояды. Мұндай науқастар ота алдында толықтай тексерістен өтеді.

Жоспарланған операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізілді.