"105 шетелдік компания тіркелген": Елімізде салық төлемеген маркетплейстердің сайты бұғатталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 503.42
  • 542.08
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"105 шетелдік компания тіркелген": Елімізде салық төлемеген маркетплейстердің сайты бұғатталуы мүмкін

"105 шетелдік компания тіркелген": Елімізде салық төлемеген маркетплейстердің сайты бұғатталуы мүмкін

2023 жылы тек ҚҚС-тан жалтару арқылы шетелдік маркетплейстер Қазақстан бюджетіне 60 млрд теңгеден астам шығын келтірген.

  • 28 Наурыз
  • 8
Фото: tengelife

Қазақстанда кейбір шетелдік маркетплейстер бұғатталуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстанда жаңа Салық кодексінің жобасы аясында шетелдік маркетплейстерге салық салу нормалары енгізілмек.

Егер олар қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмесе сайттары бұғатталуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Қазіргі таңда елімізде Apple, Amazon, Alibaba, Aliexpress, Google, Meta, TikTok, Temu, Pinduoduo, TaoBao және тағы басқа 105 шетелдік компания тіркелген.

Қаржы министрлігі шетелдік компаниялардан ҚҚС бойынша 83 млрд теңгеден астам түсімдер алған. Оның ішінде 2022 жылы – 10,4 млрд теңге, 2023 жылы – 24,3 млрд теңге, 2024 жылы – 35 млрд теңге, 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша – 13,3 млрд теңге.

2023 жылы тек ҚҚС-тан жалтару арқылы шетелдік маркетплейстер Қазақстан бюджетіне 60 млрд теңгеден астам шығын келтірген.