10-қарашада Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10-қарашада Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі өтеді

10-қарашада Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі өтеді

10-қарашада Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі өтеді. Бұл туралы бүгін, 5-қарашада мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ораз Жандосов хабарлады.

  • 5 Қараша 2003
  • 473
Фото - Caravan.kz

«10-қарашада Астана қалалық сотында «ПетроҚазақстан» компаниясына қатысты ашық тыңдау өтеді»,- деді О.Жандосов. «Компанияға монолияға қарсы заңнамалардың талабын бұзған деген айып тағылып отыр»,- деді О.Жандосов жалпы отырыс барысындағы үзілісте KZ-today тілшісіне берген сұхбатында. «Алайда, сот шешімі ресми түрде жарияланғанға дейін біз нақты ақпарат бергіміз келмейді»,- деп атап көрсеткен О.Жандосов, бұл қадамды агенттіктің сот мекемелеріне ықпал жасамауға немесе басқалар тарапынан өздері ықпалға ұшырамауға деген талпынысымен байланыстырып түсіндіреді.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі «ҚазақМұнайГаз Сауда Үйі» , ішкі рынокта мұнай өнімдерінің көтерме саудасымен айналысатын «Меридиан П» және «ПетроҚазақстан» сынды үш компанияны монополияға қарсы заң талаптарын бұзу арқылы 1 млрд. 35 млн. теңгенің заңсыз пайдасын тапты деп айыптаған болатын. Соңынан «ПетроҚазақстан» компаниясы агенттіктің мұндай шешіміне қарсылық білдірген.

Соңғы жаңалықтар