Жұмыс бабындағы бұл отырыстың күн тәртібінде мемлекетаралық кеңес 2003-жылдың 27-сәуірінде қабылдаған Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығын 2003-2006-шы және одан кейінгі жылдарда дамыту жөніндегі басым бағыттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу , сондай-ақ, оларды жүзеге асыру шаралары туралы талқылау межеленген. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, бұл мәселе бойынша Интеграциялық кеңес осымен төртінші мәрте бас қосып отыр.
Осы мақсатта арнаулы құрылған үкіметаралық жұмыс тобы ЕурАзЭҚ-ын дамыту жөніндегі орта мерзімдік басым бағыттарды жүзеге асыру шараларының егжей-тегжейлі жобасын жасады.