11 мыңға жуық отбасы тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік қолдау алады - kaz.caravan.kz
  • $ 511.77
  • 593.19
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
11 мыңға жуық отбасы тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік қолдау алады

11 мыңға жуық отбасы тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік қолдау алады

Биылғы жылы 5 мыңнан астам жалға берілетін тұрғын үй сатып алу көзделген

  • 23 Мамыр
  • 8
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің комитет төрағасы Бақытжан Жүнісбеков еліміздегі тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша атқарылатын жұмыстар туралы мәлімдеді.

Қазіргі уақытта елімізде тұрғын үй кезегінде 650 мыңнан астам адам бар. Бұл азаматтарға жалға ұсынылған тұрғын үй, сатып алу құқығымен беріледі. Оның кемінде 20%-і жетім балаларға арналған.

«Елде 2022 жылдан бастап тұрғын үйді жалдау құнының 50%-ін субсидиялау енгізілді, бұл бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы отбасылар сияқты топтарға бағытталған», – деді Жүнісбеков.

Бүгінгі таңда 11 мыңға жуық отбасы тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік қолдау алады.

«Биылғы жылы да тұрғын үй салуды жалғастыру және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша шараларын енгізу жоспарланған. Соның аясында кредиттік тұрғын үйдің 12 мың пәтерін салу және 5 мыңнан астам жалға берілетін тұрғын үй сатып алу көзделуде,» – деді министрлікте.