11 қыркүйекте Астанада «Қарсы алды алаш, батырын!» атты патриоттық акция өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
11 қыркүйекте Астанада «Қарсы алды алаш, батырын!» атты патриоттық акция өтеді

11 қыркүйекте Астанада «Қарсы алды алаш, батырын!» атты патриоттық акция өтеді

2015 жылы 11 қыркүйек күні сағат 11.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қарсы алды алаш, батырын!» атты патриоттық акция өтеді.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 504
Фото - Caravan.kz

Шара «Байқоңыр» айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесімен әуеге ұшқан қазақ ұланы, ғарышкер-бортинженер Айдын Айымбетов бастаған экипажды және Еліміз бен Елбасымызды құттықтауға арналады.

Іс-шара мерейтойлық Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата заңының 20 жылдық мерекелері шеңберінде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттерінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Акция барысында 550 студентінің қатысуымен флешмоб және театрландырылған қойылым өтеді.


С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Баспасөз қызметі

Анықтама телефоны: 8 (7172) 39 59 07, 8 701 472 51 29

Соңғы жаңалықтар