Дәрігерлердің айтуынша, қыз балада — бес миллион адамның біреуінде ғана кездесетін өте сирек паталогия. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
Латын тілінде Fetus in fetu (Эмбриондағы эмбрион) деп аталатын клиникалық феноменнің себебі, өзінің егізінің денесінде паразиттік тіршілік етіп жатқан аса жетілмеген ұрық болып табылады. Оқиғалардың 80 пайызында тератома құрсақ қуысынан өсіп шығады, дегенмен, ми мен дененң өзге де бөліктерінде пайда болуы мүмкін.
Қытайлық қыздың жағдайында, зерттеулер көрсеткендей, ісік — дүниеге келмеген әпкесінің жауырыны мен екі саусағы бар қолдан, сүт безінен және асқазан-ішек бөліктерінен тұрады. Онымен қоса, эмбрионның науқастың арқасынан өсіп шығуы тарихтағы алғашқы жағдай.
Қытайлық профессор Баоган Пэннің (Baogan Peng) BMJ Case Reports мамандандырылған журналында жасаған баяндамасынан кейін аномалия медициналық ортаның назарын аудартты. Дәрігер мәлім еткендей, хирургтар паразиттік егізді толығымен алып тастады.