11 жетім баланы асырап алған Қошқарбай ауылының тұрғындары халық алдына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
11 жетім баланы асырап алған Қошқарбай ауылының тұрғындары халық алдына шықты

11 жетім баланы асырап алған Қошқарбай ауылының тұрғындары халық алдына шықты

Ақмола облысына қарасты Қошқарбай ауылы 11 жетім баланы асырап алған.

  • 28 Ақпан 2018
  • 173
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысына қарасты Қошқарбай ауылы 11 жетім баланы асырап алған, деп хабарлайды Today.kz "Қазақ радиолары" ЖШС бас директоры Мәди Манатбектің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Ақмола облысына қарасты Қошқарбай ауылында бар-жоғы 42 отбасы өмір сүріп жатыр. Олардың қатарында тоғыз орыс, екі қазақ баланы бауырына басқан алты отбасы бар. Екі жыл бұрын осы суреттегі ерлі-зайыпты Қайыркен аға мен Мүслима апай ауылдастарына жетімдер үйінен бала асырап алу туралы ұсыныс жасайды. Алты отбасы келісе келе, Ақкөл балалар үйінен 11 баланы асырап алады. "13 жастағы Талғатты көргенде өзімнің балама қатты ұқсаттым. Ауылдастарым да біздің отбасының адамдарына қатты ұқсайтынын айтады", – дейді Мүслима апай. Ал Қайыркен ағай балалар үйінде əлі талай жаутаңкөздің қалғанын айтып, олардың "əке, анашым, мені алып кетші" деген сөзіне жан төзбейтінін айтқанда, тамағына өксік тығылып қалғанын байқадық. "Балалы үй – базар" деп бекер айтпаған ғой, халқымыз. 11 бала келгелі шағын ауылдың да сəні кіріп, "өкіметтің" ақсаусақ балалары тай үйретіп мініп, сырғанақ теуіп, ақар-шақар боп жатыр екен. Ұл балалар мұсылмандық жолмен сүндетке отырғызылып, тіпті Вася есімді балақай өз ұсынысы бойынша атын қазақша Əли деп өзгертіпті", – деп жазды Мәди Манатбек игі іске мұрындық болған ерлі-зайыпты Қайыркен аға мен Мүслима апайдың суреттерін қоса жүктеп. 


Айта кетейік, Астанада 27 ақпанда Қазақстан концерт залында Қазақ радиоларының "Мың алғыс" қайырымдылық концерті өтті. Концертте қайырымды ауыл тұрғындары асырап алған балаларымен бірге халық алдына шықты.