Жарияланды: 320

11 жолаушының өліміне себепкер болған автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды

Шымкентте 11 жолаушының өліміне себепкер болған жүргізуші бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2-ші шілде күні Шымкент-Арыс бағытында кетіп бара шағын автобус жүк көлігімен соғысқан еді. Апат салдарынан бағыттағы таксиде отырған 17 жолаушының 11-і оқиға орнында қаза тауып, тағы сегізі түрлі жарақат алған болатын. Қоғамдық көлік жүргізушісі сол кезде жол апатына «сиыр себепші» деп ақталған. Алайда істі қараған Шымкент қаласы Абай аудандық соты автобустың жүргізушісін кінәлі деп тапты. Енді ол алдағы 5 жылын жалпы тәртіптегі колонияда өткізуі тиіс. Сондай-ақ 3 жылға көлік жүргізу құқынан айырылды.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін