Жарияланды: 340

113 жыл бұрын 29 қараша күні «Барселона» футбол клубы құрылды

113 жыл бұрын (1899) «Барселона» футбол клубы құрылды.

«Барселона» испандық футбол клубы (Futbol Club Barcelona, сондай-ақ «Барса» ретінде танымал) Каталонияның футбол клубы, Испания мен әлемнің ең үздік футбол командаларының бірі. Клуб 1899 жылы 29 қарашада Жоан Гампердің жетекшілік етуімен швейцарлық, британдық, испандық және каталондық футболшылар тобымен құрылды. 1899 жылдың 22 қазаны күні Жоан Гампер жергілікті газетке хабарлама беріп, онда қалаушылардың барлығын футбол клубын құруға қатысуға шақырды. Хабарламаға 11 адам үнқатып, олар 29 қараша күні құрылтай жиналысқа жиналды. Оның соңында футбол клубының құрылатындығы туралы шешім қабылданды. «Барселонаның» символы бастапқыда қаланың гербі болды, 1910 жылы олар осы күнге дейін қолданылып келе жатқан дербес символдарын ойлап тапты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін