1136 халықаралық байқаушы Қазақстандағы президент сайлауының барысын қадағалайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1136 халықаралық байқаушы  Қазақстандағы президент сайлауының барысын қадағалайтын болады

1136 халықаралық байқаушы Қазақстандағы президент сайлауының барысын қадағалайтын болады

1136 халықаралық байқаушы Қазақстандағы президент сайлауының барысын қадағалайтын болады. Бұл туралы бүгін, 28 - қарашада журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қараша 2005
  • 370
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен ҚР СІМ-нің қолындағы оперативтік ақпарат осындай»,- деді СІМ-нің арнаулы өкілі.

Оның айтуынша, халықаралық байқаушылардың арасынан ең ауқымды топтарды ТМД мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы жолдап отыр. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының байқаушылары миссиясы ұзақ мерзімді 423, қысқа мерзімді 42 байқаушысын жіберсе, ТМД миссиясының байқаушылары 422 адамнан құралады»,- деді ол.
Сонымен бірге оның айтуынша, «дүниежүзінің 27 елінен 159 байқаушы, 7 халықаралық ұйымның атынан 90 байқаушы қатысады. Сөйтіп байқаушылардың жалпы саны 1136 адам болды»,- деді ол.
«Бұған қоса ҚР СІМ-нің таныстыруымен шетелдік журналистер де аккредитациялануда. Бүгінгі жағдаймен 25 елден 229 журналист қысқа мерзімді негізде аккредитацияланды. Сонымен бірге Қазақстанда тұрақты аккредитацияланған 160 журналист сайлау туралы ақпараттарды тарататын болады»,- деді СІМ-нің өкілі.
Республика заңына сәйкес, халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ-тардың өкілдерін СІМ аккредитациялау үшін таныстырады. Бүгін, 28-қарашада, сайлаудан 5 күн бұрын елімізде шетелдік байқаушыларды аккредитациялау шарасы аяқталды.
«33 елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің жанынан 34 сайлау учаскесі құрылып, сайлаушылар тізімі жасалды. Соған сәйкес Қазақстан аумағыанн тысқары жерлерде 8 мыңдай Қазақстан азаматтары дауыс беруге қатысады»,- деді Е.Ашықбаев.
«Қазақстандағы секілді бұл сайлау учаскелерінде де байқаушылық жасауға мүмкіндік беріледі»,- деді ол. Е.Ашықбаевтың айтуынша, шетелдерде электронды дауыс беру жүйесі пайдаланылмайды.
«Қазір шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктер өздері орналасқан елдегі БАҚ-тарда сайлау науқаны туралы ақпараттар тарату ісімен белсенді айналысып жатыр»,- деді СІМ-нің өкілі.

Перейти к новостям спорта