115 қызметкерден ақша бопсалаған: Түркістанда ветеринария қызметінің басшысы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
115 қызметкерден ақша бопсалаған: Түркістанда ветеринария қызметінің басшысы сотталды

115 қызметкерден ақша бопсалаған: Түркістанда ветеринария қызметінің басшысы сотталды

Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы Б. Бегманов сотталды.

  • 26 Қараша
  • 4
Фото: BAQ.KZ

Ол аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.