12 ақпанда доллар бағамы өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 490.58
  • 584.77
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 ақпанда доллар бағамы өсті

12 ақпанда доллар бағамы өсті

2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндік сауда қорытындыланды

  • 12 Ақпан
  • 3
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда нәтижесінде доллардың салмақталған орташа бағамы 494,28 теңге болып, 3,22 теңгеге өсті.

Ресей рублі 6,38 теңгеге (+0,02) көтерілді.

Қытай юанінің күндік саудадағы бағамы 71,56 теңге (+0,51) болды.

Ауыстыру пункттерінде доллар 494,2–496,4 теңгеден сатып алынып, сатылуда; еуро – 585,5–590,2 теңге, рубль – 6,36–6,47 теңге аралығында.

Әлемдік мұнай бағасы 12 ақпанда саудада өсті.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,16 долларға көтеріліп, баррельге 69,56 доллар болды.

Нью-Йорктағы NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 0,21 долларға өсіп, баррельге 64,84 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың бағамын 490,58 теңге, еуроны – 584,77 теңге, рубльді – 6,34 теңге деп белгіледі.