12 маусымдағы саудада доллардың өсуі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 маусымдағы саудада доллардың өсуі жалғасуда

12 маусымдағы саудада доллардың өсуі жалғасуда

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,82 теңгеге көтеріліп, 451,77 теңгені құрады

  • 12 Маусым 2024
  • 7
Фото - Caravan.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,82 теңгеге көтеріліп, 451,77 теңгені құрады, деп хабарлайды caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,16 теңгені (+0,28) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 483 теңге, рубльді 5,05 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 451,1-452,7 теңгеге, еуро 484,5-488,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,07 теңгеге сатылуда.

Ал, 12 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,47 долларға қымбаттап, 82,39 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Lite мұнайының бағасы 0,57-ге қымбаттады