Жарияланды: 280

12 мемлекеттің энергетика саласындағы компаниялары Алматыдағы көрмеге қатысуда

Бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан энергетиктерінің ХІ форумы аясында «Power Kazakhstan», «Lighting Kazakhstan», «ReEnergy Kazakhstan» атты көрмелер өз жұмыстарын бастады.

ХІ «Power Kazakhstan» - «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау», «Lighting Kazakhstan» - «Жарықтандыру, жарық техникасы, диод жарығы технологиялары» және «ReEnergy Kazakhstan» - «Жаңғырмалы энергия көздері, энергияүнемдеу, энерготиімділік және қуат көздерін үнемдеу» тақырыбы бойынша өтуде. 1 қарашаға дейін созылатын бұл шарға 12 елден 160-тан астам компания өз экспозицияларын ұсынды. Ал Словакия, Чехия және Қытай мемлекеттері ұлттық стендтерімен қатысуда. Дәстүрлі энергетикалық бұл көрмелердің ұйымдастырушылары отандық «Itecа» көрме компаниясы ұлыбританиялық «ITE Group plc», германиялық «GIMA» және қытайлық «ITE China» компанияларымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін