12 шілде Ресейде қаралы күн болып жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 шілде Ресейде қаралы күн болып жарияланды

12 шілде Ресейде қаралы күн болып жарияланды

Татарстанда круизге арналған паром суға батып кетіп, 110 адам қаза тапқан. Қайғылы жағдай кеше орын алған. Осыдан 60 жыл бұрын пайдалануға берілген “Булгария” паромы санаулы минутта Волга өзеніне батып кетті.

  • 12 Шiлде 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz


Көз жұмғандардың 30-ы балалар екен. Жалпы,  апат болғанда кемеде 200 жолаушы болса, олардың 80-і өз бетімен жағаға жүзіп шығыпты. Ал кеменің не себепті суға батқаны әлі белгісіз. Тірі қалған туристердің айтуынша, су,бірінші кеменің сол жақ бортынан кірген. Оның үстіне қатты дауыл болғандықтан паром командирі оны бұрмақ болыпты. Кеме сол кезде аударылып, бірден суға батып кеткен. Қазір апат орын алған жерде сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр. Осы қайғылы жағдайға байланысты ертең Ресейде қаралы күн болып жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар