12 тамызда Қазақстан және Қырғызстан басшылары екі ел шекараларының ашылу рәсіміне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 тамызда Қазақстан және Қырғызстан басшылары екі ел шекараларының ашылу рәсіміне қатысады

12 тамызда Қазақстан және Қырғызстан басшылары екі ел шекараларының ашылу рәсіміне қатысады

12 тамызда Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі болады.

  • 11 Тамыз 2015
  • 563
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан Премьер-Министрі Темір Сәриевтің айтуынша, бұл күні екі мемлекет көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев және Алмазбек Атамбаевтың қатысуымен Қазақстан және Қырғызстан шекараларын ашу рәсімі өтеді. «Осы күннен бастап Қырғызстан ЕАЭО-ға мүше басқа елдермен бірге өзінің тауарларын, қызметтері, капиталы мен жұмыс күшін еркін қозғалта алады. Бұл азаматтар мен бизнесмендер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады», — деп атап өтті Темір Сәриев. Естеріңізге сала кетсек, ҚР-ның Кеден одағына, одан кейін ЕАЭО-ға кіру үдерісі 2011 жылы басталды. Осылайша ертең елдің еуразиялық интеграциялық қоғамдастықтағы мүшелігі ресімделетін болады, — деп хабарлайды 
http://24.kz/.

Соңғы жаңалықтар