Жергілікті мектептердің бірінде оқитын жетінші сынып оқушыларын шаңғы тебуге апара жатқан автобустың жүргізушісінің жүрек талмасы ұстап қалды. Соның салдарынан көптонналық машина басқарылмай, көлік жолынан шығып кетті.
Айқайлап, жылай бастаған ондаған баланың ішінде тек 12 жасар Рэна Крафстон ғана сабырлылық танытып, оқыс оқиғаны бағалай алды. Автобустың соңында отырған қыз бала жалма-жан жүргізушінің орнына жүгіріп барып, тежегішті басып үлгерген. Сөйтіп ол өзін де, қасындағы құрбыларын да апаттан құтқарып қалды.