Бұл оқиға тамыздың аяғында Октябрьский кентінде орын алды. Өрт басталған шақта үй ішінде бес бала жүрген. Әке-шешелері болса, жұмыста. Алайда 12 жастағы қыз асып-саспаған. Кіре берісте түтіннің будақтап жатқанын көрген бетте дереу асхананың терезесі арқылы барлық баланы кезек-кезегімен қолынан тартып алып, сыртқа шығарып үлгерген.
Құтқарушылар өрт орнына келгенде үй лапылдап жанып жатқан. Өрт салдарынан үйдің орны ғана қалды. Оның шығу себебі тексеріліп жатыр.