12 жастағы бала Есіл өзеніне батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+37 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 жастағы бала Есіл өзеніне батып кетті

12 жастағы бала Есіл өзеніне батып кетті

Нұр-Сұлтан қаласының түбінде 12 жастағы қыз Есіл өзеніне батып кетті.

  • 15 Маусым 2022
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға кеше, 14 маусым күні Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының Silk Way демалыс аймағында болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған 2010 жылғы қыз шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кетті, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Қыздың денесі бірнеше сағаттан кейін табылып, судан шығарылды.

Төтенше жағдайлар департаменті осы жылдың 21 мамырында демалыс аймағының су қоймасына тексеру жүргізіліп, шомылуға жарамсыздығы туралы акт берілгенін айтты. 28 мамырда бөлім қызметкерлері Silk Way демалыс аймағындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптарын түсіндіру және демалыс аймағын жабдықтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Суға шомылуға және балаларды су айдынында қараусыз қалдыруға тыйым салу туралы ақпараттық стенд орнатылды.


Ақмола облысының ТЖД судағы қарапайым тәртіп ережелерін сақтау қажеттігін тағы бір рет ескертті.