Жарияланды: 370

12.12.12. күні Астанада 130-дан астам жұп некелерін қидырады

12.12.12. күні Астанада 130-дан астам жұп некелерін қидырады

Соңғы жылдары әлемде үйлену тойларын ерекше даталарда өткізу дәстүрі пайда болды.

Жас жұбайлар әдемі дата оларға болашақ отбасылық өмірлерінде сәттілік алып келеді деп сенеді. Бүгін 12.12.12. күні Астанада 130-дан астам жұп заңды некеге тұруды жоспарлауда, бұл әдеттегі күндерден 2 есеге көп, деп хабарлады Әділет департаментіне сілтеме жасап Астана қаласының ресми сайты. «Бүгін Алматы ауданында - 45 жұп, Сарыарқа ауданында - 60 және Есіл ауданында 32 жұп отбасын құруға ниетті», - деп нақтылады департаментте.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін