Биылғы 12.12.12 атаулы сандар болмақ. Осы күні неке қиюды шешкен ғашықтардың қарасы көп. СҚО Әділет департаментінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында да 2012 жылғы 12 желтоқсанда некені тіркеуге ынталы жұптар өтініштерін бере бастады.
Соңғы жылдары тойларды сандардың үйлескен күндері жасау дәстүрі пайда болды. Осылайша, «үш жетілік» (07.07.2007 ж.), «үш сегіздік» (08.08.2008 ж.) және «үш тоғыздық» (09.09.2009 ж.), сонымен қатар 2010 жылдың 10 қазаны мен 2011 жылдың 11 қарашасы күндері басқа күндермен салыстырғанда некеге тұруды қалайтындар саны көп болғаны байқалды.