12.12.12 күні некеге тұруды қалайтындардан өтініштер түсе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12.12.12 күні некеге тұруды қалайтындардан өтініштер түсе бастады

12.12.12 күні некеге тұруды қалайтындардан өтініштер түсе бастады

2012 жыл - 11 жылға созылған «бақытты үйлескен» күндер кезегін аяқтайды.

  • 13 Қараша 2012
  • 392
Фото - Caravan.kz

Биылғы 12.12.12 атаулы сандар болмақ. Осы күні неке қиюды шешкен ғашықтардың қарасы көп. СҚО Әділет департаментінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында да 2012 жылғы 12 желтоқсанда некені тіркеуге ынталы жұптар өтініштерін бере бастады.

Соңғы жылдары тойларды сандардың үйлескен күндері жасау дәстүрі пайда болды. Осылайша, «үш жетілік» (07.07.2007 ж.), «үш сегіздік» (08.08.2008 ж.) және «үш тоғыздық» (09.09.2009 ж.), сонымен қатар 2010 жылдың 10 қазаны мен 2011 жылдың 11 қарашасы күндері басқа күндермен салыстырғанда некеге тұруды қалайтындар саны көп болғаны байқалды.

Соңғы жаңалықтар