Жарияланды: 490

12-14 желтоқсанда республиканың барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде Ашық есік күні өтеді

12-14 желтоқсанда республиканың барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде Ашық есік күні өтеді

Еліміздің ұлттық мейрамы - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында

2012 жылғы 12-14 желтоқсан күндері республиканың барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде Ашық есік күндері ұйымдастырылады, деп хабарлады ҚР ДСМ-нің баспасөз қызметінен. Таратылған ақпаратқа сүйенсек, бұл күндері медициналық ұйым мамандары азаматтарды қабылдап, кеңес беріп, диагностикадан өткізеді, ем белгілейді. Сондай-ақ, салауатты өмір салты, аурулардың алдын алу және тәуекел факторлардың пайда болуы (ішімдікті асыра пайдалану, темекі тарту, дұрыс тамақтанбау, аз қозғалу және т.б.) жөнінде кеңестер беріледі. Денсаулық мектептері, жастардың денсаулық орталықтары, қария адамдар клубтары, денсаулықты нығайту орталықтарының қызметтері жөнінде мәліметтер беріледі. Ашық есік күндері еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін