Наурыз мейрамы құтты болсын - kaz.caravan.kz
  • $ 512.34
  • 582.07
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз мейрамы құтты болсын

Наурыз мейрамы құтты болсын

Құрметті оқырмандар, Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл көктемнің, табиғаттың жаңаруының, үйлесім мен жылулықтың мерекесі,

  • 22 Наурыз
  • 2
ФОТО: fnn.kz

Құрметті оқырмандар, Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл көктемнің, табиғаттың жаңаруының, үйлесім мен жылулықтың мерекесі, халқымыз үшін ерекше маңызды күн.

Наурыз ежелден адамдарды біріктіріп, жақындастыратын мейрам болған. Араздасып жүргендер өкпе-ренішті ұмытып, татуласады, бір-біріне кешіріммен қарайды. Бұл игі істер мен жылы лебіздің, достық пен жақсылықтың, молшылықтың мерекесі.

Ұлыстың ұлы күнінде сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, бақ береке, табыс тілейміз! Көктемнің жылы шуағымен шаңырағыңыз ырыс-несібеге толып, бейбітшілік пен махаббат орнасын!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!