Форум «ЭКСПО-болашақ энергиясы. Астана 2017 Халықаралық көрмесі аясында өткізіледі.
Іс-шараның шеңберінде 13 елдің жоғары оқу орындары мен мәдени мекемелерінің басшылары бас қосады. Олардың қатарында: П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ректоры А.Соколов, Шанхай музыка консерваториясының (Қытай) президенті Лин Зайонг, Dankook университетінің (О.Корея) вице-президенті Кимон Даэ Чик Канг, Мимар Синан атындағы Ыстанбұл көркемөнер университетінің ректоры Ялшин Караяагиз, Беларусь мемлекеттік музыка академиясының ректоры Е. Дулова, Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры М.Бегалиев. Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясының проректоры Нигматов, «Садриддин Айни атындағы Тәжік мемлекеттік академиялық опера және балет театры» мемлекеттік мекемесінің директоры Шарифзода Манучехр Муртазо, Далянь өнер Колледжінің (Қытай) атқарушы директоры Ванг Джинг, Тәжік ұлттық консерваториясының ректоры Азизи Фарогат Абдукаххорзода, Қазан мемлекеттік консерваториясының ректоры Абдуллин Рубин, Әзербайжан мәдениет және өнер университетінің ректоры Фарах Алиева, Санта-Чечилия (Италия) консерваториясының директоры Алфредо Чантолчи, Кси Ань консерваториясының президенті Ванг Жен, П. Чайковский атындағы Халықаралық жас өспірімдер байқауының бас директоры И. Щербак, П.Чайковский атындағы Халықаралық байқауы лауреаттарының қауымдастығының бас директоры А. Щербак; Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры Б.Нүсіпжанова, Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Ж. Әубәкіровалар бар.
Форум қатысушылардың назары үш мәселеге аударылады. Атап айтқанда, дәстүрлі ұлттық мәдениетті сақтау мен дамыту мәселелері, музыкалық мұраның сабақтастығы — өнер саласындағы жоғары оқу орындарының тәжірибесі, ЭКСПО-2017 «Өнер энергиясы — болашақ энергиясы».
Аталмыш мәселелерді талқылау барысында музыкалық мекемелерінің басшылары мәдениет және өнер саласындағы тәжірибе мен жетістіктерімен бөліседі.