13 қалаға ауыл мәртебесі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
13 қалаға ауыл мәртебесі берілді

13 қалаға ауыл мәртебесі берілді

Еліміздегі кей шағын қалаларға ауыл мәртебесі беріледі.

  • 4 Желтоқсан 2020
  • 51
Фото - Caravan.kz


Ауыл тұрғыны атанатын ондай елді мекен тұрғындары тиісті әлеуметтік қолдау ала алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда аудандық маңызы бар 48 қаланың 13-і халық саны бойынша «қала» санатына сәйкес келмейді екен. Себебі, онда тұрғындар саны 10 мыңнан аз. Сенат депутаттары бұл мәселені шешу үшін әкімшілік-аумақтық құрылым бойынша заңнамаға түзетулер әзірледі.

Заң жобасын таныстырған сенатор  Нұрлан Бекназаров,  қолданыстағы заңнамада аудандық маңызы бар қаланың мәртебесін ауыл санатына өзгерту жөнінде норма қарастырылмағанын айтып, бұл өзгерістің бірқатар артықшылықтары барын атап өтті.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Енгізілген түзетудің ұтымды тұстарының бірі  қала мәртебесінен ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда сонда тұратын азаматтар ауыл тұрғындары үшін заңдармен қарастырылған мемлекеттік әлеуметтік қолдауларға қол жеткізеді. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының қызметкерлерінің жалақысына жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша 25%-дан кем емес үстемақы қосылады».

Бұдан бөлек, тұрғындар коммуналдық төлемдерге, қызметтік тұрғын үйлерге, «Дипломмен ауылға», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары бойынша кәсіптік білім алуға, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға қатысты бірқатар жеңілдіктерді пайдалана алады. Сенаттың жалпы отырысында бұл заң бір ауыздан қабылданды.