13 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
13 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

13 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

13 қыркүйек күні республиканың көптеген бөліктері арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді,

  • 13 Қыркүйек 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz


кей жерлерде бұршақ жауы ықтимал. Республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп жазады Қазгидромет.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде тұман бақыланады. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ, желдің 17-22 м/с күшейуі күтіледі. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,  найзағай болып, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай бақыланады, жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар