Жарияланды: 2400

13 жасқа толған ақын бала Жамбыл қалыңдық айттырып сырға салды

13 жасқа толған ақын бала Жамбыл қалыңдық айттырып сырға салды

Жас ақын бала Жамбыл Дүйсенов 7 жасынан бастап өлең жазып, көпшілікті таңдай қақтырған еді. Енді ол биыл 13 жасқа толып, қалыңдық айттырды.

Бұл туралы Instagram-дағы Гиннес рекордтар кітабы парақшасы хабарлады.

«Ата-баба дәстүрі бойынша 13 жаста отау иесі болу мақсатында халқымыздың салт дәстүрі мен әдет-ғұрыппен болашақ келінге сырға салды. 30 қарашада өтетін кешінде Жамбылдың келін балаға арналған «Мөлдір моншақ» әні орындалады», – делінген хабарламада.

Ақын бала 2010 жылдары таныла бастады. Жас баланың ақындығына тәнті болған танымал тұлғалар батасын беріп, ақ тілектерін айтқан еді. Он үште отау иесі демекші, осылайша ақын бала қалыңдық айттырып, сырға салды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін