27 жастағы Бриттани Замора 1 ақпаннан 8 наурызға дейінгі аралықта оқушымен өз көлігінде үш рет жыныстық қатынасқа түскен. Баланың айтуынша, мұғалім алдымен оған өзінің жалаңаш суреттерін жібере бастаған екен және күн сайын азғындық сипатындағы sms хаттарын жазған екен, деп жазады New York Post.
Баланың мұғаліммен жыныстық қатынаста екенін ең бірінші болып ата-анасы біліп қойыпты. Ұлдарының телефонын тексерген олар жағаларын ұстағандарын жасырмай айтып отыр. Ерлі-зайыптылар дереу мектеп басшылығына хабар беріп, артынша полицияға арыз жазған. Мұнан кейін Бриттани Замора қамауға алынды.
Мұғалім сотқа дейін кепілмен босау үшін 250 мың доллар төлеуі тиіс. Ақша таппаған жағдайда тергеу абақтысында отырады. Ал, оның күйеуі болса жәбірленген тараптан кешірім сұрап, әйелінің екінші мұндай қадамға бармайтынын айтып ақталды.
Оқи отырыңыз:
Екі жарым жылдан бері жігітпен жыныстық қатынасқа түспедім деген қыз жұрттан көмек сұрады