«13 жастағы қызы ерекше болған»: Түркияда жол апатынан қаза болған журналистің өліміне қатысты тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«13 жастағы қызы ерекше болған»: Түркияда жол апатынан қаза болған журналистің өліміне қатысты тың дерек шықты

«13 жастағы қызы ерекше болған»: Түркияда жол апатынан қаза болған журналистің өліміне қатысты тың дерек шықты

Түркияда жол апатынан қаза болған журналист Арайлым Бағытжанның өліміне қатысты тың дерек шықты.

  • 6 Қыркүйек 2023
  • 26114
Фото - Caravan.kz


Оның елде тағы бір 13 жастағы қызы қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист Гүлбану Әнияттың хабарлауынша, марқұмның 13 жастағы ерекше қызы болған.

«Тағдыр деген… Бұл видеоны Түркияға демалуға барып, жол апатынан кеше опат болған әріптесіміз Арайлым Бағытжанның парақшасынан алдым. Келесі жазда аман жүздесейік деп салған соңғы видеосы екен.  Екі жастағы қызын өзімен бірге ала кетіпті…
9 жастағы ұлы аман, жолдасы жансақтауда.

Жап-жас бола тұра ерекше балаларға арнап “Зейін Атырау” орталығын ашып, қиналған жандарға көп көмектесіпті. Орталықты ашуына 13 жастағы қызының ерекше болуы себеп болған. Қандай қиын… Шырылдап балапанымды қатарға қоссам деп, орталық ашып, жанталасты. Жүгірді. Бәрі бір ақ сәтте үзілді.

Өзім де ерекше қыз өсіріп отырғасын, анасынан айырылған Сағыныштың ендігі тағдырын ойлап кеттім… Қазір ерекше қыз Сағыныш инклюзивті мектепке барып жүр екен (парақшасынан көрдім) Балапан бақытты болсын. Анасының арманын орындасын. Жансақтаудағы жолдасы аман-есен жазылып, отбасына оралсын», — деп жазды журналист.