13 жылға сотталған әкім 3 жылдан соң бостандыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
13 жылға сотталған әкім 3 жылдан соң бостандыққа шықты

13 жылға сотталған әкім 3 жылдан соң бостандыққа шықты

Қостанайды басқарған Ахмедбек Ахметжанов "жүйелі түрде пара алды" деп айыпталып, сотпен кінәлі деп танылған еді.

  • 4 Сәуiр 2019
  • 86
Фото - Caravan.kz


Қатаң тәртіптегі колонияға да қамалды. Алайда, кесілген жазаның үштен бірі өтелмей жатып, экс-әкім бостандыққа шықты. Бұған заңдық тұрғыда түсінік те берілген.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

2015 жыл. Сол кездегі Қостанай әкімі Ахмедбек Ахмеджановтың бірден екі орынбасары парамен ұсталып, қолдарына кісен салынды. Төбеме жай түскендей болдым» деген шаһар басшысы да көп ұзамай тергеу изоляторынан табылды. Кейін прокуратура әкім қызметке кіріскен 2014 жылдан бастап пара алумен шұғылданды деп айып тағады. Сомасы ондаған миллион теңге. 

«Окончательно назначить Ахметжану Ахмедбеку к отбытию, 13 лет лишения свободы с кофискацией имущества. С отбыванием наказания в исправительной колонии строго режима».

Ал былтыр іс жоғары сотқа жетті. Ондағылар әкім параның бір бөлігін нақты алғанына күмән келтірді. Оның үстіне амнистия бола қалып, жаза қысқарды. Экс-әкім 67,5 млн теңге көлемінде шығынды өтейді. Соңында жаза 4 жыл 10 айға дейін қысқарған. Шартты түрде бостандыққа шығару туралы өтініш те қолдау тауып, бірінші сәуір күні түрмеден шығады.

«Назначить наказание в виде 10 лет лишения свободы с кофискацией всего ему принадлежащего имущества».

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары лауазымында болған Мүслім Өміряев та, бастапқыда қатаң тәртіптегі колонияға қамалған еді. Айып малға арналған вакцинаны алуға бөлінген қаржының талан-таражға салынуы дерегі бойынша тағылған. 7 млн теңге мен 100 мың долларлық пара болғаны айтылды. Алайда екі жылдан соң Жоғары сот Мүслім Өміряевқа тағылған айыпты өзге бапқа ауыстырып, жазаны 4 жылға дейін қысқартты. 2016 жылдың желтоқсанында бостандықтан айыру жазасы, бостандықты шектеуге алмасты. Экс-вице-министр өзіне тағылған айыпты мойындамай, пара емес, қарызға ақша алғанмын деген еді.

«УМИРЬЯЕВ…Наш родственник подставил!  Туысқандарыңыз ба сонда?  Иә.  Алматыда ма ол?  Иә, подставил всех».

2014-те елді елең еткізген оқиға. Тарихта тұңғыш рет премьер-министрге айып тағылды. Үйқамаққа алынды. Кәсіпкерлікпен заңсыз шұғылдану, қызметтік бабын асыра пайдалану, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу деректері бойынша экс-премьер кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін жаза екі, сосын бір жарым жылға қысқартылды. Серік Ахметов 2 млрд теңге шығынды өтеп, жазасын жеңілдетуге мүмкіндік алды.

СЕРІК АХМЕТОВ
«…Спасибо вам!  Денсаулығыңыз қалай, аға?  Денсаулығым жақсы, рахмет!».

Жазасы уақыт өте жеңілдеген шенеуніктердің қатары мұнымен шектелмейді. Депутаттар жемқорлық әрекетке қатаң жаза жауап болуы тиіс дейді. Бірақ гуманизацияға да қарсы шығу қиын. Сондықтан келген шығын өтелуін талап ету керек деген пайымда.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Меніңше, бұл жерде жемқорлық деген, мемлекетке қарсы, әділеттікке, экономикаға қарсы қылмыс. Біз әрине бұл жерде ең алғашқы талап қоюымыз керек. Ұрлаған ақшаны қайтару. Содан кейін ғана оларды ақтауға, содан кейін ғана бостандыққа шығаруға болады деп сенемін».

Сот шешімімен абақтыға қамалмай-ақ, қылмыстық жауаптан құтылғандар да бар. «Қорғас» халықаралық орталығын басқарған Василий Ни бір млн доллар пара алып жатқан жерінде қолға түскен еді. Алайда, мінездемесінде мін болмай, кінәні толық мойындап, өкінгені үшін сот осындай шешім қабылдады деп түсіндірілді. Бұл түсіндірмеге бірдеңе алып-қосу қиын енді.