130 мыңнан астам қазақстандық өзіне құмар ойындар ойнауға тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
130 мыңнан астам қазақстандық өзіне құмар ойындар ойнауға тыйым салды

130 мыңнан астам қазақстандық өзіне құмар ойындар ойнауға тыйым салды

Шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қолданылады.

  • 4 Шiлде
  • 17
Фото: pixabay.com

Туризм және спорт министрлігі 132 мың қазақстандық eGov mobile арқылы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысу үшін өзін-өзі шектеу қызметін пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомстваның мәліметінше, 130 мыңнан астам адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуды шектеді. Онлайн қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған.

18 наурыздан бастап пилоттық режимде азаматтарды құмар ойындардан және бәс тігуден 6 айдан бір жылға дейінгі мерзімге өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн-қызмет жұмыс істейді.

Шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қолданылады.

«Сақ болыңыз! Өзін шектеу заңсыз интернет-казинолар мен букмекерлік кеңселерге қолданылмайды. Заңсыз ойын ресурстарына барудан аулақ болыңыз», — деп хабарлады министрлік мәлімдемесінде.

Қызметті қосу үшін телефоныңызға eGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек. Берілген өтінішті кері қайтарып алу құқығы қарастырылмаған. Керісінше, өзін-өзі шектеуді ұзартуға болады.

Маусым айының соңында Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне құмар ойындарға тыйым салынуы мүмкін екені белгілі болды.