Сұхбат алушы Ардақ Назаровтан кәсіп туралы сұраса, ал ол жаттығулары туралы жауап берген, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жүргізуші “Сіз депутатқа дейін спортшы кәсіпкер болғансыз. Сонда қандай жобалар болды? Не істедіңіз?” деп сұрақ қояды.
Мәжіліс депутаты жүргізушінің сұрағына былай жауап береді:
”Мен аптасына таңертең, кешке 14-15 жаттығу жасайтынмын. Әрбір жексенбі күні тауға жүгіретінмін. Таудың биігінде көзіме жас келіп, жылайтынмын. Сол кезде өзіме “Ардақ, жылама, тоқтама. Қазір сен тоқтасаң, әлем чемпионаты бола алмайсың” дейтінмін”, — деп жауап берді Мәжіліс депутаты.