14 маусым. Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
14 маусым. Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

14 маусым. Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

14 маусым, ЖҰМА

  • 14 Маусым 2013
  • 665
Фото - Caravan.kz

Қан донорларының дүниежүзілік күні. 2005 жылғы мамырда өткен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясында әлем денсаулық сақтау министрлері өз еркімен қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті қабылдады. Бүкіләлемдік қан тапсырушы күнін жыл сайын маусымның 14-інде өткізіп тұруға қарар қабылдады.

Америка байрағы күні. 1777 жылы Құрлықаралық конгресс Американың барлық тәуелсіз штаттарының ресми туы ретінде жұлдызды-жолақты байрақты бекітті. Америка байрағы күні, 19 ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап аталып өтілгенімен, тек 1949 жылы Президент Трумэн Конгресс актісіне қол қойғаннан кейін ресми мерекелер күнтізбесіне кірді.

Күйініш пен сүйініш күні (Литва). 1941 жылдың дәл осы күні Литва халқын Сібірге жер аудару басталды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1995) Алматыда, Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қордың ашылу салтанаты болды. Қор президенті болып ақын Кәкімбек Салықов сайланды.

16 жыл бұрын (1997) Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабын таныстыру рәсімі болды.

13 жыл бұрын (2000) Түркістанда Қожа Ахмед Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жаңа кешенінің іргетасы қаланды.

13 жыл бұрын (2000) Астанада бірінші халықаралық «Транзит-Транс-Қазақстан-2000» көлік көрмесі ашылды. Көрмеге халықаралық 50-ге жуық көлік компаниялары қатысып, Ресей, Қытай, Латвия, Швеция, Эстония мемлекеттері ерекше қызығушылық білдірді.

6 жыл бұрын (2007) Сырым Датұлының (1753-1802) бейітін анықтау мақсатында Өзбекстанға барып келген Батыс Қазақстан облысынан шыққан арнайы экспедиция өз байламын білдірді.

Арнайы сапар барысында экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, облыстық тарих және археология орталығының директоры, профессор Мұрат Сыдықов бастаған ғалымдар жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде Өзбекстандағы Хорезм облысы Гүрлен ауданы орталығынан 9 шақырым жердегі Майлышеңгел елді мекеніндегі бейіт ғылыми тұрғыдан батыр бабамыздікі екендігі дәлелденді. Экспедиция Сырым Датұлының 265 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Оның құрамына жеті адам кірді, соның ішінде танымал ғалым-өлкетанушылар, тарихшылар, археологтар, Сырым Датұлының ұрпақтары бар.

ЕСІМДЕР

145 жыл бұрын (1868-1943) австриялық иммунолог, адам қанының тобын алғаш ашушы, Нобель сыйлығының лауреаты ЛАНДШТЕЙНЕР Карл дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1944) «Алматы» ұлттық холдингтік компаниясының президенті, Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның құрметті инженері, БҰҰ Бас Кеңесі мәртебесі жанындағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, академияның Алматы бөлімшесінің вице-президенті, Қазақтың сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, қамқоршылар кеңесінің мүшесі ЕРМЕГИЯЕВ Амангелді Дінұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітірген. «Алматыоблауырқұрылыс» тресінің аға прорабы, бас инженері, басқарушысы, Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 1989-1990 жылдары — Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының орынбасары — «Алматықұрылыс» құрылыс бірлестігінің бастығы. 1990-1993 жылдары — КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы құрылыс бойынша бас аумақтық басқарманың бастығы — Қазақ КСР Министрі, «Алматықұрылыс» концернінің президенті. Қазіргі қызметінде 1993 жылдан бастап істейді.

«Халықтар достығы» орденімен, «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен, «Академик И.Юзвишин» алтын медалімен, БҰҰ Генералдық консультативтік статусындағы Халықаралық ақпарат академиясының «Дүниежүзінің ақпаратшылары тандаулысы — 2002» Халықаралық конкурсы жүлдесінің алтын медалімен марапатталған.

60 жыл бұрын (1959) «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» акционерлік қоғамы бас директорының құрылыс жөніндегі бірінші орынбасары ШАЙДАРОВ Сергей Николаевич дүниеге келді.

Башқұртстанда туған. Уфа мұнай институтын бітірген. 1988-1997 жылдары — КСРО «Норильскгазөнеркәсіп» өндірістік бірлестігі желілік пайдалану қызметінің бастығы, қырылыс ағынының бас инженері. 1997-2003 жылдары — «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ «ҚазҚұрылысСервис» ЖАҚ департаментінің менеджері, бас менеджері, Сапа және техникалық саясат департаментінің директоры. 2003 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚазҚұрылысСервис» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, директоры қызметтерін атқарған.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

73 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары дәрежелі дәрігер-анестезиолог ЖАНӘДІЛОВ Болат Сүлейменұлы дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы) бітірген.

Көкшетау облыстық ауруханасының дәрігер-анестезиологы, анестезиология-реаниматология бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігерінің емдік жұмыстар жөніндегі орынбасары, бас дәрігері, Көкшетау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1997 жылдан — Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Ақмола облыстық ауруханасының аурулық Кеңесі мен эксперттік комиссиясының мүшесі.

«Құрмет», «Халықтар достығы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

58 жыл бұрын (1955) «Қазфосфат» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты ЕСЕНОВ Мақсұтбек Шахмарданұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында туған. Мәскеу болат және қорытпа институты және оның аспирантурасын бітірген.

Қазақ политехникалық институтының (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) доценті, оқытушысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Электрбайланыстары мемлекеттік комиссиясы бөлімі бастығының орынбасары, бас маманы, Қазақстан металдар биржасының президенті, «ҚазИнтерМеталл» мемлекеттік сыртқы сауда компаниясының президенті, «ҚазИнтерМеталл» акционерлік қоғамының президенті, «Қазфосфор» ААҚ-ның президенті, «Алаутрансгаз» ААҚ-ның бірінші вице-президенті, «Қазфосфат» ЖШС-нің президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде — 2008 жылдан.

101 жыл бұрын (1911-1993) жазушы, аудармашы МАКЕЕВ Леонид дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. Еңбек жолын Петропавлдағы «Смычкода» газетінде әдеби қызметкер болып бастап, Петропавл, Алматы, Иваново облыстық газеттерінде, «За индустриализацию» газетінде, «Литературный Казахстан» альманағында қызмет істеген. Ұлы Отан соғысы жылдары майданда Панфилов атындағы 8-ші гвардия дивизиясының «За Родину» газетінің жауапты редакторы болған. Соғыстан кейін «Советтік Қазақстан» журналының бас редакторы, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий бөлімінің аға редакторы болған. Жазушының «Қаңбақ шал», «Қарапайым мінез», «Сыйқырлы кетпен», тағы басқа кітаптары жарық көрген. Қалмақан Әбдіқадыровтың «Рыскүл комсомол», Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повестерін, сондай-ақ Ғабдол Слановтың, Сәбит Мұқановтың, Қазытай Исабаевтың, Зейнел-Габи Иманбаевтың, тағы басқалардың туындыларын орыс тіліне аударған.

Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.

92 жыл бұрын (1921-1995) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ТАМАРИНА Руфь дүниеге келді.

Украинаның Николаев қаласында туған. Максим Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. «Қазақфильм» киностудиясы Сценарий бөлімінің редакторы, «Казахстанская правда», «Огни Алатау» газеттерінің әдеби қызметкері, Михаил Лермонтов атындағы республикалық драма театры әдеби бөлімінің меңгерушісі болған. Ақынның бірнеше жыр жинақтары жарық көрген. «Жизнь обычная», «Новые стихи», «В ливнях и грозах», «Зеленый ветер», «Весна, лето, осень…» атты еңбектері жарық көрген. Сонымен қатар қазіргі қазақ ақындарының өлеңдерін орыс тіліне аударған.

71 жыл бұрын (1942) Қазақстан Республикасы кинематографистер одағының төрағасы ВОВНЯНКО Игорь Александрович дүниее келді.

Алматы қаласында туған. 1968 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бтірген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты.

36 жыл бұрын (1976) Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының актері, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты ӨТЕУІЛОВ Нүркен Әшімханұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шошанай ауылында туған. Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және кино институтының актерлік факультетін бітірген (1998), музыкалық драманың актері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1998 жылдан бері — Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының (Астана) актері. «Малиновкадағы той» (Қария), «Эй, молодожены!» (Қасым), «Қанды азу» (Бораш), «Қара Қыпшақ Қобланды» (Қараман), «Ана — Жер- Ана» (Бекташ), «Скапеннің айласы» (Скапен), «Үміт» (Замир), «Ромео мен Джульетта» (Бенволио), «Қымбатты Памела» (Сол Бозо), «Ғасырдан да ұзақ күн» (Әбутәліп), «Еңлік — Кебек» (Көбей), «Ұан мен тер» (Еламан), «Абай» (Абай) және т.б. Спктакльдерде ойнаған. Қазақстан Жастар одағы сыйлықтарының лауреаты.

110 жыл бұрын (1903-1995) ақпарат негіздеріне үлес қосқан американдық математик Алонзо ЧЕРЧ дүниеге келді.

85 жыл бұрын (1928-1967) латынамерикандық преволюционер, Кубадағы реовлюция командантесі Эрнесто ЧЕ ГЕВАРА (Эрнесто Рафаэль Гевара Линч де ла Серна) дүниеге келді.