Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда 13,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 743 шетел азаматы жұмыс істеп жүр. Оның 564-і басшылар мен олардың орынбасарлары.
Шетелдіктер көп жұмыс істейтін салалар:
құрылыс – 5 390 адам,
өңдеу өнеркәсібі – 1 455,
тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 355,
әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 305,
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 237.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар. Оларда 388 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,5%-і», — дейді ведомство.
Еңбек мигранттары негізінен Қытайдан көп келеді, сосын Өзбекстан мен Түркия азаматтары Қазақстанда еңбек етуге құмар. Сондай-ақ мыңнан астам үндістандық нәпақасын біздің елде тауып жүр.