14 наурыз - Көрісу күні - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
14 наурыз - Көрісу күні

14 наурыз - Көрісу күні

Амал – береке мен бірліктің мерекесі 14 наурыз – қазақ халқы үшін ерекше мәнге ие Көрісу күні. Қыстың көбесі сөгіліп, көктем қылаң берге

  • 14 Наурыз
  • 1
ФОТО: fnn.kz

Амал – береке мен бірліктің мерекесі

14 наурыз – қазақ халқы үшін ерекше мәнге ие Көрісу күні. Қыстың көбесі сөгіліп, көктем қылаң бергенде тойланатын бұл мереке ұрпақты ізеттілікке, мейірімділікке, ауызбіршілік пен татулыққа тәрбиелейді. Маңғыстау өңірінде оны Амал мерекесі деп те атайды.

Бұл күн ата-бабаларымыз үшін қыстан аман-есен шығып, көктемнің келуін атап өтетін маңызды сәт болған. Олар жиналып, бір-бірімен қауышып, реніштерді ұмытып, ақ тілек айтып, амандық сұрасқан. Туыстар мен көршілер қуанышпен төс қағыстырып, бір-бірін құттықтайды.

Көрісу күнінің бір ерекшелігі – әр адам түске дейін кемінде үш үйге кіріп, амандасып шығуға тиіс. Балалар барған үйден тәттілер мен бауырсақтар жинап, анасы дайындаған дорбасын толтырады. Бұл балалар тоқ жүрсін, қарым-қатынастар нығайсын деген ізгі ниеттен туған. Мереке тек бір күнмен шектелмейді, айдың соңына дейін жалғасады.