14 онкологиялық науқасқа шетелдік мамандар ота жасады - Алматы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
14 онкологиялық науқасқа шетелдік мамандар ота жасады - Алматы

14 онкологиялық науқасқа шетелдік мамандар ота жасады - Алматы

Алматы Онкологиялық орталығында Ресейден келген мамандар жатыр мойны, қуықасты бездерінің обырын емдеудің озық тәжірибесімен бөлісті.

  • 14 Қыркүйек 2015
  • 536
Фото - Caravan.kz


Петров атындағы онкология ғылыми зерттеу институтының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Сергей Петров мен Бүкілресейлік шұғыл және радиациялық медицина орталығының гинекология бөлімінің меңгерушісі Игорь Берлев Алматы науқастарын тегін емдеді. 

Шеберлік класы аясында 14 науқасқа ота жасалды. Олардың барлығы осы аптада үйіне шығарылады.

Бұл туралы қалалық Онкологиялық орталық бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Балтаев Нұрлан хабарлады. 
Оның айтуынша, барлық операция лапароскопиялық тәсілмен жасалды. Мұндай ота барысында қан шығарылмайды, операциялық жұмыстар лапароскопиялық құралдармен 1-1,5 сантиметрлік тесіктер арқылы жасалады. 
Айта кету керек, мұндай емдеу тәсілі Алматы дәрігерлеріне таңсық емес. 

«Бұл тәсіл біздің орталықта қолданылып келеді. Тек біз айына 50 адамға от жасасақ, оларда 1000 адам өтеді. Сондықтан, олардың тәжірибесі бізден көбірек әрине. Сондықтан, мұндай шеберлік кластары бірінші кезекте өзіміздің біліктілігімізді жетілдіру үшін керек», — деді Нұрлан Балтаев. 

Маманның айтуынша, ерлер мен әйелдер арасында жыныстық мүшенің обырлары алдыңғы қатарда болып тұр. Соңғы жылдары енгізілген скринингтік бағдарлама көрсеткендей, әйелдер арасында бірінші орынды сүт безінің қатерлі ісігі болса, екінші орында жатыр мойны және жатыр обыры тұрақтап тұр. Ал ерлер арасында қуықасты безінің обыры екінші орынға шықса, өкпе қатерлі ісігі көш бастап тұр. 

Бір аптаның ішінд шетелдік мамандардың өткізген шеберлік семинарларына Алматы мен аймақтардан 50 дәрігер қатысты.

Соңғы жаңалықтар