14 қазанда Алматыда «Дарынға ғасыр бас иеді» халықаралық шығармашыл жастар Фестивалі ашылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
14 қазанда Алматыда «Дарынға ғасыр бас иеді» халықаралық шығармашыл жастар Фестивалі ашылмақ

14 қазанда Алматыда «Дарынға ғасыр бас иеді» халықаралық шығармашыл жастар Фестивалі ашылмақ

2011 жылдың 14 қазаны күні Алматы қаласында «Дарынға ғасыр бас иеді» Халықаралық шығармашыл жастар Фестивалінің ашылу өтеді.

  • 12 Қазан 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz

Фестиваль Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» ҚҚ ұйымдастыратын іс-шара жыл сайын ондаған үздік жастар мен шығармашылық ұжымдарды жинайтын мәдени оқиғаға айналды.
Фестивальдің негізгі мақсаты — ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттап, жастардың шығармашыл бастамаларына қолдау көрсету, жастар мен студенттер арасындағы мәдениетті дамытуға көмектесу.
Осы күні Республикалық «Қазақстанның бейнесі. Мемлекеттіліктің 20 жылдығы» атты плакат көрмесінің тұсаукесері, жас суретшілер мен фотографтардың көрмелері өтеді. Сонымен қатар қонақтарға – «Америка» эксперименттік спектаклі екі бөлімнен тұрады: театр қойылымы мен қазақстандық эмиграция туралы айтылатын деректі фильм көрсетіледі. Спектакль Алматы көрермендеріне «Фольксбюне» берлин театрының атақты режиссері Андреас Мерц пен алматылық театр актерларының бірлескен шығармашылығының қорытындысын көруге мүмкіндік береді.
Фестиваль аясында, қазанның 16-сы мен 20-сы аралығында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның хореографиялық училищелерінен 100-ден астам оқушы қатысатын хореография өнерінің 1-ші Халықаралық балалар-жасөспірімдер фестивалі өтеді.
Кешке қонақтар мен қатысушылар үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грант иегерлері мен лауреаттары, шәкіртақы мен сыйлық иегерлерінің қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Сондай-ақ мерекелік концертке Әзірбайжан, Армения және Қырғызстаннан келген жас мәдениет пен өнер қайраткерлері де қатысады.
Іс-шара отшашулармен аяқталады.

Фестивальдің ашылуы 2011 жылдың 14 қазаны күні сағат 11:00-де, мына мекен-жай бойынша: Алматы қ, Махатма Ганди к, 10, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры.

Перейти к новостям спорта