22 жастағы америкалық Кайл Томсон 142 келі салмақтағы зілтемірді көтерем деп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.
Қайғылы оқиға Анкени қаласынағы жаттығу залының бірінде болды. Томсон жаттығуды жатып жасамақ болады. Сол кезде зілтемір оның қолынан мойнына түсіп кетеді. Ол Де-Мойн қаласындағы емханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын жеткізді.