Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі учаскелерде уақытша қозғалысқа шектеу енгізілді:
Жетісу облысы
- «Үшарал — Достық — ҚХР шекарасы», 84-164-шақырым (Көктұма ауылы — Достық станциясы).
Ақтөбе облысы
- «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы», 181-337-шақырым (Шұбарқұдық кенті — Атырау облысы шекарасы).
Павлодар облысы
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысы
- Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.