«15 күн бойы ес жимаған»: Сазгер Арман Қайназаровтың өліміне қатысты тың дерек белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
0 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«15 күн бойы ес жимаған»: Сазгер Арман Қайназаровтың өліміне қатысты тың дерек белгілі болды

«15 күн бойы ес жимаған»: Сазгер Арман Қайназаровтың өліміне қатысты тың дерек белгілі болды

Әнші, сазгер Арман Қайназаров кенеттен өмірден өтіп, бүкіл елді дүр сілкіндірген еді.

  • 26 Қыркүйек 2023
  • 147
Фото - Caravan.kz


Ол дәмхана алдында болған соққыдан кейін, 15 күн бойы ес жия алмай қайтыс болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Белгілі болғандай, оқиға Алматы қаласына қарасты Алатау ауданы, Шаңырақ ықшамауданында болған.

Алматы полициясы хит әндердің авторын ұрған жігітті бірден ұстаған. Бүгінде ол тергеу абақтысына қамалған көрінеді. Алдын ала болжам бойынша адам денсаулығына қасақана қастандық жасап, салдары өлімге әкелген жағдай үшін күдікті 8 жылға сотталуы мүмкін.

Естеріңізде болса осы жазда ғана жұрт Арман Қайназаровтың ішімдікке салынып, үйіне бармай жүргені айтылған еді. Хит әндердің авторына мейірімділік танытып, шығармашылық ортаға қайта қосқысы келгендер де болды. Бірақ сазгер ешкімнің ұсынысын қабыл алмаған сияқты.