15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізілетіні рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізілетіні рас па

15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізілетіні рас па

Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі.

  • 3 Қыркүйек
  • 5
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, бетперде тағу режимі барлығына міндеттелетіндігі туралы тарап жатқан ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпедемиологиялық бақылау комитеті Телеграм-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының  эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді», — делінген хабарламада.

ДСМ азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырады.