Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты астаналық әкімдік баспасөз қызметі растады.
Министрлік мәліметіне сәйкес, бұл шара азаматтардың қозғалысын жеңілдету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілген.
Қоғамдық көлік сағат 06:00-дан 23:00-ге дейін, белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істейді.
«16 наурыздан бастап қоғамдық көлік әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады», – деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы мен Шымкент әкімдіктерінің баспасөз қызметтері де ұқсас хабарлама жасаған болатын.