Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
2026 жылғы 15 наурызда ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрі үшін жылдамдық шектеуі 80 шақ/сағаттан 110 шақ/сағатқа дейін ұлғайтылды:
Ақмола облысы
- «Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол бекеті)», 19-231-шақырым аралығы;
- «Астана – Қарағанды – Алматы», 30-92-шақырым аралығы (Жібек жолы кенті – Анар станциясы).
Қарағанды облысы
- «Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы», 92-164-шақырым аралығы.
Жабық жолдар
Сонымен қатар республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскелерінде шектеу әлі де бар:
Павлодар облысы
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысы
- Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.