15 қараша -Ұлттық валюта күні - kaz.caravan.kz
  • $ 510.06
  • 566.32
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 қараша -Ұлттық валюта күні

15 қараша -Ұлттық валюта күні

Кез-келген егемен елдің өз валютасының болуы заңды. Теңгенің айналымға түсуі Егеменді Қазақстанның қаржылай да тәуелсіз екенін жария етуі.
Қазақстанның теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Мемлекеттегі экономикалық қиындыққа қарамастан, қазақ ұлтының тұңғыш валютасы жарық көрді, тәуелсіз еліміздің айналымына түсті. Ең алғаш айналымға шыққан теңгеде Абылай хан, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Әл-Фараби, Шоқан Уалиханов, Сүйінбай қазақ елінің ұлы тұлғалары бейнеленген. 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалған 2,5,10,20 және 50 номиналды монеталар шықты. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкноттар – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета – Өскемендегі Монета сарайында шығарылады. 1997 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 15 қараша алғаш теңгенің айналымға түскен күнін «Ұлттық валюта күні» және қаржыгерлер күні деп жариялады.
Кейін 2006 жылы 15 қараша күні Ұлттық валютамыздың жаңа дизайнімен әрленген жаңа банкноттары айналымға шықты. Дизайнда мемлекеттің рәміздері, еліміздің сәулет нысандары белгіленген.
Қолайлық үшін номиналдарды сандық және жазбаша белгілеулер ірі әріптермен басылған. Мәдениет пен ғылымның және саясаттың әр түрлі салаларындағы Қазақстанның ірі қайраткерлерінің портреттерін ұлттық ою- өрнекпен үйлестіріп шығару туралы шешім қабылданған. Ал артқы бетінде сәулет ескерткіштері мен Қазақстанның әсем көріністері бейнеленген. Нашар көретін адамдар үшін банкноттарда әр жеке номиналға тән жоғары бедерлі арнаулы элементтер пайдаланылған.
2007 жылдың мамыр айында Тайландта өткен валюта конференциясында 10 мыңдық теңгеміз «Үздік жаңа банкнот» аталымы бойынша бірінші орынға ие болған. Теңгеміз 17 қорғаныс дәрежесіне ие. Сондықтан теңге әлемдегі ең қорғалған валюталардың қатарына кіреді. Қазақстандық ақша әлемдегі ең әдемі ақшалардың бірі болып табылады.
2000 жылдан бастап, Қазақстан теңге сарайы мен Ұлттық банк жыл сайын халықаралық байқауларға қатысады. Бүгінге дейін дизайн мен технологиялық жаңашылдығымен әртүрлі номинациялардағы 23 марапатқа ие болған. Ұлттық теңгеміз ТМД-да ең тұрақты валюталардың бірі. Валютамыздың экономикалық нығаюымен ұлттық әлемдік ауқымда да бұданда бетер орнықты болады деп үміттенеміз.
Барлық Қазақ елін Ұлттық валюта және қаржыгерлер күнімен құттықтаймыз.

  • 15 Қараша 2022
  • 30
Фото - Caravan.kz


Алматы қаласы бойынша
Қазынашылық департаменті
Бас маман-бас қазынашысы
Сақпанова Н.М.