15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

15 қыркүйек күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады,

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 517
Фото - Caravan.kz


тек республиканың батысында және шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік күтіледі. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.        

Соңғы жаңалықтар